Тауықтан – жұмыртқа, мемлекеттен – қабаттар

30.05.2017

«Жас-Канат 2006» Рудный құс фабрикасының құсқораларының біреуінің өзінде  шамамен 50000 тауық бар, онда бар-жоғы екі құсқорашы және ұста қызмет көрсетеді. Қалған штатты Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша инвестициялық жоба аясында сатып алынған  Zucami испандық фирмасының компьютерлендірілген жабдықтары алмастырады.

Хайсекс Уайт голланд тұқымының тауықтары тәулік жасында Свердлов жерінен Рудный жеріне көшіріледі. Бір топтамада 100 000 жаңа құс келіп түседі.  «Жас-Қанат 2006» ЖШС директорының орынбасары Сергей Борщ айтып отырғандай, біздің елде әзірге осындай көлемдерді игере алатын өндіруші жоқ. Алдымен асыл тұқымды материал жас төл цехында орналастырылып, 100-110 күнге дейін өсіріледі. Кейін өнеркәсіптік табын цехына аударылады, осы жерде ақырғы нәтиже – ақ түсті қабықшалы жұмыртқа алынады.
Жуырда Сергей Григорьевич Мәскеуден, Жалпы одақтық құс шаруашылығы институтымен ұйымдастырылған семинардан оралды, онда Рудный өкілдігі Қазақстаннан келген жалғыз өкілдік болды. Пікірлермен алмасу әр түрлі бағыттар бойынша жүрді – құс шаруашылығында үнемді жарық диодты шамдардың қолданылуынан бастап йодталған, дәруменделген жұмыртқаларды шығаруға, оларды меланжға – ақуыз бен сарыуыздың мұздатылған қоспасына өңдеуге дейін. Және егер біздің жағдайларда осы жаңалықтар тек қарастырылып жатса, тауықтар рационында ақуызға бай өсімдік шикізаты глютеннің қолданылуы туралы рудныйлықтар батыл сөз қозғай алады. Барлық ресейлік әріптестер осы қымбат компонентті қолдана бермейді, бірақ өнім сапасы соған тұрарлық.
Белгілі болғандай, тұрақты үйлестірілген рацион кезінде тауықтар жыл бойы маусымдылықты, демек, көктемгі авитаминозды сезбейді. Жарық режимі – 8 сағаттан 16 сағатқа дейін, бөлмедегі температура – 18 градустан 22 градусқа дейін. Ал оны келесідей сипаттауға болады. 6 қабаттан алты батарея. Қабат биіктігі – 50 сантиметр. Торлардың жалпы ұзындығы  – 53 метр, әрқайсысында 10 тауықтан. Жұмыртқаларды жинау лифттік тасымалдағыш арқылы жүзеге асырылады. Осы жылға арналған кәсіпорынды үдемелі  дамыту жоспарында  – 9(!) қабатқа есептелген техникалық құсқора. Бұл өндіріс қуатын да, қазіргі 70 орын көлеміндегі жұмыс орындарының санын да арттыруға мүмкіндік береді.
Өндіріс бойынша директор орынбасарының айтуынша, былтырғы астықтың бітік шықпауы қанатты асырандылардың азық-жем базасына да әсер етуі мүмкін еді, себебі оның 60-70 пайызы дәнді дақылдардан құралады. Бірақ мемлекет көмегінің арқасында тауықтар осы мәселені сезінбеді, олар сергек және өнімді. Ал олардың жұмыртқалары Қостанай облысымен қатар, Алматының, Астананың  тұрғындарының көңілдерінен шығуда.